Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Журавлевка ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразоватьельная школа села Журавлевка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық аттестаттау ережесі

13.11.2020

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттау (бұдан әрі – педагог) мынадай кезеңдерді қамтиды::

      педагогтар үшін:

      1) ұлттық біліктілік тестілеу;

      2) біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;

      білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:

      1) біліктілік бағасы;

      2) қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

      білім беру ұйымдарының басшылары үшін:

      1) ұлттық біліктілік тестілеу;

      2) біліктілік бағасы;

      3) қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

      4. Педагогтерді аттестаттау "білім туралы"2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44 – бабының 5-тармағына сәйкес кемінде бес жылда бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын-үш жылда бір рет өткізіледі.

      5. Аттестаттаудан өту үшін педагогтер ұлттық біліктілік тестілеуін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы тапсырады және ұлттық біліктілік тестілеуін электрондық форматта өтеді.

      6. Ұлттық біліктілік тестілеуі педагогтің өтінішінде көрсетілген мерзімде өткізіледі.

      7. Педагогтердің өтініштерін қабылдау тестілеу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын, білім беру ұйымдары басшыларының өтініштерін қабылдау кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жүргізіледі.

      8. Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік), күнін, уақытын таңдайды және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым дайындайтын ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады.

      9. Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуде:

      1 (бір) рет – тегін,

      қайта 1 рет және сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде,

      білім беру ұйымдарының басшылары үшін-тиісті күнтізбелік жылдың 1 айлық есептік көрсеткіші (АЕК) мөлшерінде ақылы негізде жүзеге асырылады.

      10. Өтініш дерекқорға енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама беріледі.

      11. Ұлттық біліктілік тестілеуі келесі тест тапсырмаларынан тұрады:

      1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

      "Мектепке дейінгі педагогика және психология" - отыз тапсырма;

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

      2) жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

      "Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;

      Бастауыш білім беру педагогтері қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), әдебиеттік оқу, математика пәндері бойынша тест тапсырады.

      3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтер:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

      "Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;

      Арнайы пәндер бойынша педагогтар:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

      "Қызмет бағыты бойынша" - жетпіс тапсырма;

      Өндірістік оқыту шеберлері:

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

      "Қызмет бағыты бойынша" - отыз тапсырма;

      4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

      "Психология негіздері" - отыз тапсырма;

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

      5) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін):

      "Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;

      "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма.

      6) білім беру ұйымдарының басшылары үшін:

      "заңнаманы білу" бағыты бойынша-80 (сексен) сұрақ:

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі-20 (жиырма) сұрақ

      Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы Кодекс-20 (жиырма) сұрақ

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы-20 (жиырма) сұрақ

      "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (Он) сұрақ

      "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (Он) сұрақ.

      "басқарушылық құзыреттер" бағыты бойынша-20 (жиырма) сұрақ.

      12. Ұлттық біліктілік тестілеуінің жалпы уақыты екі жүз он минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін - екі жүз қырық минутты құрайды.

      13. Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) болып табылады.

      14. ҰТО тест тапсырмаларының базасын әзірлейді. Ұлттық біліктілік тестілеуін ҰТО не білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым өткізеді.

      15. Аудиторияның ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін және әрбір педагогтің өткізу пункттеріндегі орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      16. Осы Қағидалардың 19-тармағы бұзылған кезде заттарды табу және аудиторияда мінез-құлық қағидаларын бұзған педагогты аудиториядан шығару актісі және (немесе) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тестілеуде бөгде адамды анықтау актісі жасалады.

      17. Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған кезде, сондай-ақ бейнежазбаны қарау кезінде анықталған кезде тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалады және нәтижелердің күші жойылады.

      18. Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.

      19. Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға орын ауыстыруға, материалдармен алмасуға, материалдарды аудиториядан шығаруға, аудиторияға заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді.

      20. Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу кезіндегі мінез-құлық қағидалары бойынша аудиожазба жүргізіледі.

20. Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу кезіндегі мінез-құлық қағидалары бойынша аудиожазба жүргізіледі.

      21. Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

      1) ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі;

      2) ұсынылған нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен тапсырмалар үшін:

      барлық дұрыс жауаптар үшін - екі ұпай;

      жіберілген бір қате үшін-бір балл;

      екі және одан да көп қателіктер үшін-нөл балл.

      22. Тестілеу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ұлттық біліктілік тестілеуін өткізуге жауапты ұйым::

      1) педагогтер базасын қалыптастыру (өтініштерді қабылдау, ақпараттандыру үшін дербес деректерді енгізу: ЖСН, т. а. ә, (болған жағдайда), өтініш берілген біліктілік санаты, тапсыру тілі);

      2) компьютерлік кабинеттердің дайындығын бақылау;

      3) аудиторлық қорды ұсыну;

      4) тестілеу кезінде пайдаланылатын компьютерлерді тестілеу өткізуге бір күн қалғанда дайындау;

      5) педагогтерді рұқсаттама, жеке басын куәландыратын құжат бойынша компьютерлік кабинетке жіберу және оларды отырғызу;

      6) бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауды, оның өтінішті қабылдау, тестілеуді өткізу кезеңінде, апелляциялық рәсімдер кезінде жұмысын;

      7) тестілеу аяқталғаннан кейін оның нәтижелерін өңдеу және беру;

      8) апелляция жүргізу және апелляцияны ескере отырып нәтижелер беру.

      23. Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері байқаушы ретінде қатысады.

      24. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілетін тестілеу нәтижелерімен танысады.

      25. Тестілеу нәтижесі – осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама-педагогтің жеке кабинетінде көрсетіледі. Педагогтің талабы бойынша тестілеу нәтижесі басып шығарылады, қызметкердің қолымен және ұлттық біліктілік тестілеуін өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымның мөрімен расталады және қолына беріледі.

      26. Мынадай баллдарды алған кезде тестілеу нәтижесі оң деп есептеледі:

      1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

      "Мектепке дейінгі педагогика және психология":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-50%;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-60%;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-65 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-70 %;

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-30 % ;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-35 %;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-40 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-45%.

      2) жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

      "оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-50%;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-60%;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-65 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-70 %;

      "педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-30 % ;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-35 %;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-40 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-45%.

      3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

      "оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-50%;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-60%;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-65 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-70 %;

      "қызмет бағыты бойынша" бағыты бойынша":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-50%;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-60%;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-65 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-70 %;

      "педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-30 % ;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-35 %;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-40 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-45%.

      4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

      "Психология негіздері":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-50%;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-60%;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-65 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-70 %;

      "Педагогика, оқыту әдістемесі":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-30 % ;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-35 %;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-40 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-45%.

      5) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін):

      "Оқу пәнінің мазмұны":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-50%;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-60%;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-65 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-70 %;

      "Педагогика, оқыту әдістемесі":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-30 % ;

      "педагог-сарапшы" біліктілік санаты-35 %;

      "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты-40 %;

      "педагог-шебер" біліктілік санаты-45%.

      6) жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жұмысқа алғаш рет кірген кезде:

      "Оқу пәнінің мазмұны":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-60%;

      "Педагогика, оқыту әдістемесі":

      "педагог-модератор" біліктілік санаты-30%.

      7) Білім беру ұйымдарының басшылары үшін:

      "заңнаманы білу" бағыты бойынша":

      үшінші біліктілік санатының басшысы-60%;

      екінші біліктілік санатты басшы - 65%;

      бірінші біліктілік санатты басшы-70 %;

      "басқарушылық құзыреттер" бағыты бойынша":

      үшінші біліктілік санатының басшысы-55%;

      екінші біліктілік санатты басшы - 60%;

      бірінші біліктілік санатты басшы-70 %;

      27. Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесі бір жылға жарамды.

      28. Ұлттық тестілеу аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен (негіздемелері бар дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және негіздемелермен келіспеген жағдайда ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы республикалық апелляциялық комиссияға апелляция береді.

      29. Бірыңғай критерийлердің сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестілеуді өткізу кезеңінде тестіленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияларды қабылдауды қамтамасыз ететін Республикалық апелляциялық комиссия өз қызметін жүзеге асырады.

      30. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      31. Республикалық апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.

      32. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:

      1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

      дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеймін;

      дұрыс жауап жоқ;

      барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

      тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.

      2) техникалық себептер бойынша:

      тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы.

      33. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсіндірме) көрсетеді. Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға берілетін өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені (толық түсіндірме, міндеттердің қадамдық шешімі) көрсетпей қарауға жатпайды.

      34. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері қол қояды. Республикалық апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары тестілеуді өткізуге жауапты ұйымда бір жыл бойы сақталады.

      35. Онлайн-қабылдау режимінде қаралған апелляция нәтижелері бойынша жеке кабинетте апелляцияны ескере отырып, нәтижелер көрсетіледі.

36. Тестілеуде теріс нәтиже көрсеткен аттестатталушы адамдар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.

      37. Ұлттық біліктілік тестілеуінің оң нәтижесі болған кезде педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі:

      педагогтер үшін - "педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес біліктілік санатын беру (растау) ";

      білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары үшін – осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес.

      38. Аттестаттау бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынылады:

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) немесе білім беру ұйымдарына не "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы педагог);

      республикалық білім беру ұйымдарының педагогы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына не Мемлекеттік корпорация арқылы жібереді.

      39. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) – педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсетеді.

      40. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) – республикалық білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.

      41. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7, 8-қосымшаларға сәйкес педагогтерді, оның ішінде республикалық білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиісті стандарттарында келтірілген.

      42. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      43. Өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ЖАО-ның, білім беру ұйымының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымының, білім беру саласындағы уәкілетті органның жауапты қызметкері не Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      44. Ұсынылған құжаттар мемлекеттік корпорация арқылы толық болған жағдайда, өтініш берушіге дайын құжаттардың берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Қалыптастырылған өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге) мемлекеттік корпорация тиісті ЖАО-ға, білім беру ұйымына, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымына не білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      45. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.

      46. ЖАО, білім беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және өтініш берушінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.

      47. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген.

      48. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда 46-тармақта көрсетілген іс-әрекет құжаттар тиісті ЖАО, білім беру ұйымында, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымында, білім беру саласындағы уәкілетті органда келіп түскен және тіркелген күні жүзеге асырылады.

      49. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тиісті ЖАО, білім беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізеді.

      50. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда дайын құжаттарды беру мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін жеке басты куәландыратын құжаттарды не оның өкілін көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      51. ЖАО, білім беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      52. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      53. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      54. Педагогтерді тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі - аттестаттаушы орган) аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен комиссиялар құрылады.

      55. Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.

      56. Комиссия мүшелердің тақ санынан тұрады және кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия мүшелері комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      57. Комиссия төрағасы педагогтерді аттестаттауды жүргізетін мемлекеттік органның басшысы болып табылады. Төрағаның орынбасары комиссия мүшелері арасынан сайланады.

      58. Хатшы оның Комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және қол қояды және дауыс беруге қатыспайды.

      59. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      60. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      61. Комиссия отырыстарында аудио-немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудиобейнежазба мұрағатта кемінде үш жыл сақталады.

Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст