Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Журавлевка ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразоватьельная школа села Журавлевка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту: мұғалімдерге арналған ОӘК

24.06.2024

Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірі оқушыларды қазақ тілінде сөйлесу мәдениетіне үйрету болып табылады. Үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда, әңгімелескенінде қалай болса, солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егер ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады, яғни ойыңды жеткізе білу сөз байлығымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөз байлығын жетілдірмейінше, жоғары сөйлесу мәдениетіне жете алмайды.  Бұл авторлық бағдарлама осы мәселені жоюға көмектесетін құралдардың бірі болып жасалған..
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін  дамытудағы оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай каласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Данкенова А.Х.  «Сөйлеу мәдениеті»  атты  7 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сөйлеу мәдениетін  дамытудағы оқушылардың фонетикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған  факультативтік курс бағдарламасын  құрастырды. Аталған курс бағдарламасы "Ақмола облысының білім басқармасы Бұланды ауданының білім бөлімі Журавлевка ауылының  жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ-нің базасында апробациядан өтті. Бұл авторлық бағдарлама қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін әдістемелік көмекші құрал болып табылады. Аталған авторлық жұмыста бағдарлама, сабақтар конспектісінің жинағы бар. Авторлық бағдарламаның мақсаты: сөйлеу мәдениетін  дамытудағы оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларын қалыптастыру.
 Бағдарлама құрылымы мен мазмұны оқушыларды ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту мақсат, міндеттері нақты қойылған. Жинақтағы сабақтар мазмұнында әр тақырыптың нақты оқу мақсаттары қойылған және  сөйлеу мәдениетін  дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыру әдістемесі жақсы ұсынылған. Сонымен қатар бағдарлама бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, зерттеушілік қабілеті дамиды, әртүрлі тиімді тәсілмен тапсырмаларды орындайды, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданады, қажетті нақты тақырыптар бойынша білімдері тереңдейді, есте сақтау қабілеті артады.
       Қорыта келе, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне  «Сөйлеу мәдениеті»  факультатив курсының оқу – әдістемелік кешені қосымша сабақтарға  қолдануға  пайдалы. 
      Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бұл бағдарламаны факультативтік сабақтарында тиімді қолданды. Бағдарламадағы құрастырылған тапсырмалар жинақы, тиімді, білім алушылардың казақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін жетілдіруге бағытталған.
      Апробация өткізу кезеңінде оқу бағдарламасының білім алушы мен мұғалім үшін де тиімділігі байқалды.

Просмотров: 3830


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст